• Главная
  • Ақтөбелік жас жігіт адамды өлімнен құтқарғаны үшін марапатталды
17:42, 27 февраля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбелік жас жігіт адамды өлімнен құтқарғаны үшін марапатталды

Ақтөбелік жас жігіт адамды өлімнен құтқарғаны үшін марапатталды

Бүгін Ақтөбе облысы Полиция департаментінде адамды өлімнен құтқарған Еркебұлан Симановты марапаттады деп хабарлайды city04.kz

2019 жылы 8 қыркүйекте сағат 15:40 шамасында Ақтөбе қаласында М. Оспанов көшесі мен Әбілхайыр хан даңғылының қиылысында жол көлік оқиғасы орын алып, "Toyota Camry" автокөлігі  жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзып, "Мир" бизнес орталығының автотұрағынан шыққан "Toyota Rav4" маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Сол сәтте автотұрқата тұрған жаяу жүргінші қысылып, аяғы зақымданған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші дене жарақаттарын алған.

Ақтөбе қаласының тұрғыны Еркебұлан Симанов жол-көлік оқиғасының куәгері болған. Жақын маңда болған жас жігіт алғашқы көмекке келген.

Ол жәбірленушінің екі көліктің арасында қысылып қалғанын байқағаннан соң «Тойота» жүргізушісі, жас қыздың көлігіне жүргізуші орнына өзі отырып, көлікті артқа жүргізген. Және де жәбірленушіден көп қан кетіп жатқанын көргеннен кейін дереу оның аяғын белдігімен байлап, көп қан кету қаупінің алдын алған.

Салтанатты түрде Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Самат Аисов Еркебұлан Симановқа адам құтқару кезіндегі ерлік әрекеттері үшін алғысын білдіріп, құрмет грамотасы мен бағалы сыйлық табыс етті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #дтп #полиция #награждение #герои актобе

Комментарии

Объявления
live comments feed...