11:00, 1 марта 2020 г.
Надежный источник
АҚТӨБЕЛІК ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА АЛҒЫС АЙТТЫ
Ақтөбедегі Достық Үйінде облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған «Мың алғыс саған, Қазақ Елі!» мәдени-көпшілік іс-шарасы өтті деп хабарлайды City04.kz
Ақтөбелік этномәдени бірлестік өкілдерінің «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қоюмен басталған шара, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы жазылған кітаптар көрмесі, этнос өкілдері балаларының қолымен салынған «Менің Отаным - Қазақстан» суреттер алаңы, сондай-ақ, өңірдегі диаспоралардың ұлттық қолөнер бұйымдары мен тағамдары дайындалған көрмемен жалғасты.
«Қадірлі жерлестер, құрметті қала тұрғындары! Бүгінгі күн Тәуелсіз ел тарихындағы ерекше күн. ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы - Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 1 наурыз Алғыс айту күні деп жарияланғаны баршаңызға белгілі. Қазақстандық патриотизм, бірлік пен достықтың белгісі болған бұл мерекені барша қазақстандықтар ерекше көңіл-күймен атап өтеді. Бұл күннің маңызы зор, тарихы тереңде жатыр. Бүгінгі тамаша мерекеде баршаңызға алғыс білдіремін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Бірлігіміз бен ынтымағымыз мәңгілік болғай!», - деді облыс әкімі.
Мерекелік бағдарламаны жүргізу мемлекеттік тілді жетік меңгерген украин ұлтының қызы Ирина Гнатюк пен татар жігіті Марат Зиядиновқа бұйырды.
Алдымен мерекелік шарада көрермендерге этностардың Ұлы қазақ жеріне қоныстануы туралы тарихи мәліметтерге арқау болған «Мың алғыс саған, Қазақ Елі» бейнефильмдер топтамасы ұсынылды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:00
30 октября
14:13
30 октября
14:10
30 октября
14:00
30 октября
08:50
30 октября
13:45
21 октября
17:10
11 октября
Объявления
08:21, 31 октября
7
08:21, 31 октября
live comments feed...
Комментарии