15:25, 2 марта 2020 г.
Надежный источник
Қанша ақтөбелік әскери қызметкер "Әскери баспанамен" үй ала алады?
Ақтөбелік әскери қызметкерлерге "Әскери баспана" бағдарламасымен пәтер рәсімдеу үшін смс-хабарлама жіберілді деп хабарлайды city04.kz
Ақпан айының соңында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі депозитінде тұрғын үй төлемін жинап жүрген қазақстандық 3 000 әскери қызметкерге СМС-хабарлама жіберілді.
city04.kz тілшісі осы жылы әскери қызметшілерге берілетін 3000 пәтерді 14 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлген кезде шамамен әр облыстың әскери қызметшілеріне 176 пәтерден келетінін анықтады.
Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Ақтөбе облысында әскери қызметшілердің саны өзге өңірлермен салыстырғанда әлдеқайда аз.
2018 жылдан бері әскери қызметшілердің тұрғын үй төлемдері бұрынғыдай айлық көрсеткіш ретінде жалақыларына қосылмай, әскери қызметшілердің арнайы шоттарына жіберілуде. Ал арнайы шотқа әскери қызметшінің отбасы құрамына байланысты тұрғын үй төлемдері әр ай сайын аударылып тұрады.
Айта кеткен жөн, несие бірінші кезекте 49 пайыз көлемінде қаражат жинағандарға берілетін болады.
-Ақтөбе облысының әскери қызметшілеріне де смс-хабарламалар жіберілді. Егер де әскери қызметшілер таңдаған тұрғын үйінің 50% төлемін бірден төлеген жағдайда, әскери қызметшілерге несие 8,5 пайызбен емес 6 пайызбен берілетін болады- деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Ақтөбе филиалының қызметкері Мақсат Заитов.
ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсының мәліметіне сәйкес, 2020 жылға дейін 6 500-ден астам несие берілген. Ал биыл "Әскери баспана" бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие беру мақсатында 60 млрд теңге бөлініп отыр.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметкері әскери қызметшілерге смс-хабарлама келмеген жағдайда, банктің өзге барламаларына қатысуға кеңес береді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:00
4 декабря
09:00
4 декабря
18:00
2 декабря
15:15
2 декабря
15:07
2 декабря
Объявления
15:32, 26 ноября
119
15:32, 26 ноября
13
00:42, 24 ноября
live comments feed...
Комментарии