18:37, 5 марта 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеде келіндер сайысты

Ақтөбеде келіндер сайысты

Кеше Ақтөбеде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай банктің бірнеше серіктестері қызметкерлері арасында "KELIN FEST" атты іс- шара өткізді деп хабарлайды city04.kz

Серіктестер қатарында Қ. Жұбанова атындағы Ақтөбе Өңірлік Университеті, Ақтөбе облыстық құрылыс басқармасы, ПК Нектар құрылыс мекемесі, "СМП Групп" құрылыс мекемесі, "Centr Group" құрылыс мекемесі, "АХҚЗ" зауыты.

Әр банктен бір қатысушыдан қатысты.

 Қатысушылар 60 секунд ішінде бауырсақтарды дайындау, жемістерді кесу және әдемі етіп тарту, ұлттық костюмдерді көрсету, өзін және өз ұйымын таныстыру сияқты байқауларда жарысты.

Байқау қорытындысы бойынша 3-ші орынды Қ.Жұбанов атындағы университеттің оқытушысы - Сапарғали Ағлес иеленді, 2– ші орынды СМП құрылыс мекемесінің бас есепшісі - Назарова Гүлнар және 1– ші орынды ПК Нектар құрылыс мекемесінің менеджері - Елгенбаева Ақмарал иеленді.

"Бүгінгі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өнімдері мен бағдарламалары тұрғын үй нарығында қолжетімді, сондықтан олар халық арасында сұранысқа ие. Күн сайын біз әріптестерімізбен жұмыс барысында бетпе-бет кездесеміз ал бұндай форматтағы шарада алғаш рет кездесуіміз. Бүгін мереке, нәзікжанды серіктестеріміздің банктің жұмысына деген сенімі үшін алғыс ретінде ұйымдастырылды"- деп қосты Эльмира Акылтайқызы.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #келіндер сайысы #жилстрой актобе

Комментарии

Объявления
live comments feed...