• Главная
  • Ақтөбеде балконнан 3 және 4 жасар балалар құлап кетті
11:37, 19 марта 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеде балконнан 3 және 4 жасар балалар құлап кетті

Ақтөбеде балконнан 3 және 4 жасар балалар құлап кетті

16-17 наурыз күндері Ақтөбеде балконнан құлаған балалардың 2 фактісі орын алды деп хабарлайды City04.kz

16 наурыз күні кешке Ақтөбе қаласы Есет батыр көшесінде балконнан 4 жасар қыз құлап кетті. Шамамен сағат 19-45 –те қыздың анасы үлкен қызымен бірге пәтерден қоқыс шығаруға шығып, пәтерде 2015 жылы туған кызын және 2017 жылы туған баланы қалдырып кеткен .

Үйге келе жатқан кезде әйел балконнан құлап жерде жатқан қызын табады . Анасы жедел жәрдем шақырды. Үйге кіргеннен кейін, баланың легенге(тазик) мініп, анасын балконнан қараймын деп құлап кеткенін түсінді.

Бала ОБКА реанимациялық бөліміне "Мидың жеңіл дәрежедегі соққысы, кеуде қуысының жабық жарақаты, екі өкпенің соққысы, іштің жабық жарақаты, құйымшақ омыртқасының жабық сынуы, 1 дәрежелі жарақаттық шок" диагнозымен жеткізілген.

17 наурызда Рысқұлов көшесіндегі 5 қабатты үйдің балконынан 2017 жылы туылған бала құлап кетті.

Мән-жайларды анықтау барысында бала анасымен 41 разъезд Ясное ауылынан ағасына келгендігі анықталды. Анасы ас үйде кешкі ас дайындаған уақытта бала қонақ бөлмесінде жалғыз қалып, содан кейін балконнан өзі абайсызда құлап кеткeн. Бала кеуде қуысының соққысы диагнозымен облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости актобе #актобе жаналыктары #полиция #дети выпали с балкона

Комментарии

Объявления
live comments feed...