• Главная
  • Коронавирус: Облыстық мешіттерде ұжымдық намаздар оқылмайды
21:19, 19 марта 2020 г.
Надежный источник

Коронавирус: Облыстық мешіттерде ұжымдық намаздар оқылмайды

Коронавирус: Облыстық мешіттерде ұжымдық намаздар оқылмайды

Ақтөбеде коронавирусқа байланысты, мешіттерде өткізілетін рәсімдерге қатысты ҚМДБ Үндеуі мен Пәтуасы жарияланды. Облыстағы барлық мешіттерде ұжымдық намаздар тоқтатылды деп хабарлайды City04.kz

Осы ретте, Ақтөбе облысындағы барлық дін қызметкерлері ҚМДБ Үндеуін жергілікті жамағатқа жеткізіп, бірқатар сақтық шараларына мән беруге шақыруда.

Төтенше жағдай кезінде муфтияттың мешітте жұма және бес уақыт намаз оқуды уақытша тоқтатуға қатысты шығарған пәтуасына орай, облысқа қарасты барлық мешіттерде ұжымдық намаздар тоқтатылды.

Алайда, мешіттер жабылмайды. Азан айтылады. Әркім жеке-жеке намаздарын оқиды. «Өзіне де, өзгеге де зиян келтіруге болмайды» деген қағидаға орай, Ислам діні кейбір ғибадаттарды қауіпті жағдайларда уақытша тоқтатуға рұқсат береді.

Мысалы, адамның өміріне, денсаулығына, мал-мүлкіне, бала-шағасы мен отбасы мүшелеріне әлдебір залал тиетін болса, шариғатымыз оның мешітке келіп, бес уақыт намазды жамағатпен оқуын, тіпті жұма намазға қатысуын міндеттемейді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Актобе жаналыктары #новости актобе #мешіттер #мечети актобе #қмдб #коронавирус #пандемия #толеби оспан #имам

Комментарии

Объявления
live comments feed...