• Главная
  • Қобда ауданына жаңа әкім тағайындалды
11:54, 21 марта 2020 г.
Надежный источник

Қобда ауданына жаңа әкім тағайындалды

Қобда ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ақтөбе облысының Қобда ауданына жаңа әкім тағайындалды деп хабарлайды City04.kz

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Қобда ауданының әкімі лауазымына ұсынылған Болат Құлов кандидатурасына аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдау білдірді.

Болат Құлов 1968 жылы туған. Ақтөбе Педагогикалық училищесінің, Алматы Экономика және статистика институттарын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1988 жылы Қобда ауданы, Жарық орта мектебінде бастауыш класс мұғалімі болып бастаған. 1997-1998 жылдары аралығында Қобда аудандық газетінің тілшісі,2000 жылға дейін Қобда ауданы әкімі аппаратында бас маман болып қызмет жасаған.

Әр түрлі жылдары Қобда ауданындағы «Мектептен тыс білім беру» мекемесінің, Қобда ауданы Қарағанды орта мектебінің директоры лауазымдарын атқарған. Қобда аудандық мәдениет бөлімінің басшысы, Қобда ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін, Қобда ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келген.

Өңір басшысы Мейрамбек Шермағанбеттің осы күнге дейін атқарған жұмыстарына алғыс білдіріп, алдағы жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости актобе #актобе жаналыктары #қобда #хобда #кадровые назначения в актобе #акимат актобе #ондасын уразалин

Комментарии

Объявления
live comments feed...