Қобда тұрғынынан 3 қару тәркіленді

Қобда тұрғынынан 3 қару тәркіленді, Саркулова Арай

 Қобда ауданы Сарбұлақ ауылының тұрғынынан заңсыз сақталған 3 аңшылық мылтығы, сондай-ақ 16 калибрлі 47 дана оқ-дәрілері тәркіленді деп хабарлайды City04.kz

Ер адам екі мылтық қайтыс болған әкесінен қалғанын, ал үшінші мылтық өткен жылы жылқы іздеген кезде даладан табылғанын айтты. Содан кейін ол барлық үш мылтықты тиісті құжаттарды рәсімдемей өз үйінде заңсыз сақтаған.

60 жастағы ауыл тұрғынына әкімшілік хаттама толтырылып, алынған қару баллистикалық сараптама жүргізуге жіберілді.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатындығын ескертеді.

Новочти актобе актобе жаналыктары хранение оружия полиция актобе қобда ауданы балистикалық сараптама
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии