• Главная
  • Ақтөбедегі тергеу изоляторында коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті
23:31, 21 марта 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбедегі тергеу изоляторында коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті

Ақтөбедегі тергеу изоляторында коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті

Ақтөбе облысы ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/1 тергеу изоляторының жабық мекемесінде сотталғандар және мекеме қызметкерлері арасында коронавирустың алдын алу бойынша оқу-жаттығу өтті деп хабарлайды City04.kz

- Жалпы, қазіргі төтенше жағдайға байланысты, департамент басшылығының тапсырмасына сай, мекемедегі медицина қызметкерлерінің жұмысы күшейтілген режимге көшті. Барлық жазасын өтеушілерге маска кию міндеттелді. Сонымен қатар, асханалардағы, жатын бөлмелері мен басқа да бөлмелердегі санитарлық тазалықтар күшейтілген режимде сақталып, күнделікті қадағалауда отыр. Одан бөлек, барлық профилактикалық жұмыстар заңдылыққа сай жүргізіліп, сотталғандар серуенге шыққан кезде бөлмелерді кварцпен залалсыздандыру жұмыстары атқарылып, күніне бірнеше рет ылғалды жинау жұмыстары жүргізіледі,- дейді 168/1 мекемесінің медициналық-санитарлық бөлімінің бастығы Абзал Дүйсенов.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 жарлығын орындау мақсатында, Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі А.Шамишевтің тапсырмасымен, департаментке бағынысты барлық мекемелерге карантин енгізілді.

Осыған байланысты, департаменттің және мекеме қызметкерлері, сондай-ақ сотталғандар мен тергеу қамауындағылар арасында «COVID-19» коронавирустық жұқпалы дертінің таралуына жол бермеу үшін жеке құрам күшейтілген қызмет атқару режиміне көшіп, жедел штаб құрылды.

Әкімшілік ғимараттарға өткізу режимін сақтау талаптары қатаңдатылды. Сонымен қатар, департамент және оған бағынысты барлық мекемелердегі қызметкерлер маскалық режимге көшті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #коронавирус в казахстане #КА-168/1 в актобе #масочный режим в актобе #Абзал Дүйсенов #карантин #пандемия #обучение

Комментарии

Объявления
live comments feed...