• Главная
  • Ақтөбеліктер Наурыз мерекесін отбасы шеңберінде атап өтпекші
09:32, 22 марта 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеліктер Наурыз мерекесін отбасы шеңберінде атап өтпекші

Ақтөбеліктер Наурыз мерекесін отбасы шеңберінде атап өтпекші

Коронавирус дертінің ушығуынан биыл Қазақстанда Наурыз мерекесі алғаш рет мемлекеттік деңгейде тойланбайды. Соған қарамастан көптеген ақтөбеліктер отбасы шеңберінде мерекені атап өтпекші деп хабарлайды City04.kz

Ұлыстың ұлы күні көне түркі тайпаларының ұрпақтары мен парсы халқының ұлттық мейрамы. Жалпы наурыз айы шығыстық күнтізбеде жылдың бас айы болып, жаңа жылдың бастауын білдіреді. Жоғарыда айтылғандай, атаулы мейрамды негізінде түркі тектес елдер мен парсы халқы тойлайды. Атап айтқанда Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қазақстан сынды Орта Азия елдері, Әзірбайжан, Иран және Түркияның күрдтер мекен ететін аймақтарында тойланады. Одан бөлек, Ресейдің территориясында өмір сүретін түркі тектес елдер де төл мейрамын жыл сайын атап өтеді екен.

Наурыз қазақ жерінде сан ғасырлардан бері тойланып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатса да, Кеңес үкіметі бұл мерекені "діни мейрам" деп танып, 1926 жылы ресми түрде тойлауға үзілді-кесілді тыйым салған болатын. Көктемнің шуақты мейрамы салт-дәстүрді берік ұстанған қазақ отбасыларында ғана жасырын түрде аталып өтті. Осылайша қазақ жерінде 62 жыл бойы ұмыт болған Наурыз мейрамы 1988 жылы қайта жаңғырды.

-Наурыз - ең маңызды біздің ежелден келе жатқан халқымыздың салты мен дәстүріне енген үлкен мейрам. Бірақ адам өмірінің қауіпсіздігі ең маңызды мәселе. Сондықтан адамдарға бастарыңды қоспа деп айту қиын. Бірақ бұрыннан да қазақ бір-біріне көршілеріне, ауылдарына барып амандасып жүрген ғой. Сондықтан сен осы наурызға байланысты үлкен тойлардың бәрін, қазір адам жиналатын жердің бәрін тыйым салынады. Бірақ азаматтардың бір-біріне барып, көрісуіне, құттықтауына мұндайды ешкім қадағалай алмайды. Оған ешқандай шектеу қойылмайды. Сондықтан әрбір азамат өзін ғана ойламау керек. Әрбір азамат отбасын айналасындағы ағайындарын ойлау керек, - деді Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #наурыз #наурыз в актобе #празднование наурыза в актобе #новости казахстана #Ералы Тоғжанов

Комментарии

Объявления
live comments feed...