Онлайн-оқу кезінде оқушылардың әр сабағы 30 минуттан жүреді

Онлайн-оқу кезінде оқушылардың әр сабағы 30 минуттан жүреді, Саркулова Арай

ҚР Білім және ғылым министрлігі үйде интернеті жоқ оқушылар үшін арнайы сабақ кестесін әзірледі. Қазақстанда мектеп оқушыларын қашықтан оқыту кезінде әр сабақ 30 минуттан болады. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының эфирінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты деп хабарлайды City04.kz

Оның айтуынша, қашықтықтан оқытудың әлемдік үздік тәжірибелері зерттелген. Ал қазірдің өзінде Білім және ғылым министрлігінің енгізген ұсыныстары ескеріле отырып, өзіндік тұжырымдама жасап шығарылды.

Сонымен қатар 6 сәуірден бастап қазақстандық мектеп оқушылары қашықтықтан оқи бастайды. Қазақ тіліндегі сабақтар "Balapan" телеарнасы арқылы, ал орыс тілінде "Ел арна" телеарнасында көрсетілетін болады.

Мәселен, 1 сынып оқушылары "Balapan" телеарнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09:00 - 09:20 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Сауат ашу, Математика, Жаратылыстану, Дүниетану пәндері бойынша білім алады.

2 сынып оқушылары "Balapan" арнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09:20 - 09:50 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Қазақ тілі, Математика, Жаратылыстану, Дүниетану және Орыс тілі пәндері бойынша білім алады.

3 сынып оқушылары "Balapan" арнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09:50 – 10:20 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Қазақ тілі, Математика, Жаратылыстану, Дүниетану және Орыс тілі пәндері бойынша білім алады.

4 сынып оқушылары "Balapan" арнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 10:20 – 10:50 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Қазақ тілі, Математика, Жаратылыстану, Дүниетану және Орыс тілі пәндері бойынша білім алады.

5 сынып оқушылары "Balapan" арнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 10:50 – 11:20 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Математика, Қазақстан тарихы, Жаратылыстану, Дүниежүзі тарихы және Орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім алады.

6 сынып оқушылары "Balapan" арнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 11:20 – 11:50 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Математика, Қазақстан тарихы, Жаратылыстану, Дүниежүзі тарихы және Орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім алады.

7 сынып оқушылары "Balapan" арнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 11:50 – 12:20 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Алгебра, Геометрия, Қазақстан тарихы, География, Дүниежүзі тарихы, Физика, Химия, Биология және Орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім алады.

8 сынып оқушылары "Balapan" арнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 12:20 – 12:50 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Алгебра, Геометрия, Қазақстан тарихы, География, Дүниежүзі тарихы, Физика, Химия, Биология және Орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім алады.

9 сынып оқушылары "Balapan" арнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 12:50 – 13:20 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Алгебра, Геометрия, Қазақстан тарихы, География, Дүниежүзі тарихы, Физика, Химия, Биология және Орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім алады.

10 сынып оқушылары "Balapan" арнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13:20 – 14:00 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Алгебра, Геометрия, Қазақстан тарихы, География, Дүниежүзі тарихы, Физика, Химия, Биология және Орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім алады.

11 сынып оқушылары "Balapan" арнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 14:00 – 10:40 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Алгебра, Геометрия, Қазақстан тарихы, География, Дүниежүзі тарихы, Физика, Химия, Биология және Орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім алады.

Дереккөз: baq.kz

Комментарии