• Главная
  • Дәрігерлер 850 мың теңгеге дейін үстемақы алатыны айтылды
18:04, 30 марта 2020 г.
Надежный источник

Дәрігерлер 850 мың теңгеге дейін үстемақы алатыны айтылды

Дәрігерлер 850 мың теңгеге дейін үстемақы алатыны айтылды

Карантин режимінде жұмыс істеп жатқан медициналық қызметкерлер жұмыстың қауіпсіздігіне қарай үш топқа бөлінді. Бірінші топтағы дәрігерлер жалақысына айына 850 мың теңге үстемақы қосып алады, - деп хабарлайды City04.kz Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Хабар24 телеарнасында онлайн-брифингте айтты.

Оның айтуынша, мемлекеттік комиссия арнайы шешім қабылдады. Оған сәйкес, медицина қызметкерлері жұмыстың қауіпсіздігіне қарай 3 топқа бөлінген.

-Бірінші топ, реанимация бөлімдерімен қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, барлығы 3 284 маман. Олардың жалақысына үстемақы айына - 850 мың теңге. Яғни, орташа айлығын қосқанда, олар айына, шамамен 1 миллион теңгенің үстінде алады, - дейді министр.

Ал екінші топ, министрдің айтуынша, провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, барлығы 11 951 маман. Олардың үстемақысы айына - 425 мың теңге. Яғни, орташа айлығын қосқанда олар айына, шамамен 600 мың теңге алады.

-Үшінші топ. Карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілері және т.б. барлығы - 10 994 қызметкер. Олар айына 212 мың теңге үстемақы алады. Орташа айлығын қосқанда, олар шамамен 380 мың теңге алады, - деп түсіндірді Абаев.

Дереккөз: tengrinews.kz

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#актобе жаналыктары #новости актобе #новости казахстана #карантин #врачи #Дәрігерлер үстемақы алады #выплаты врачам

Комментарии

Объявления
live comments feed...