• Главная
  • Блокпостыларды айналып өтуді шектеу үшін ауылдарда бөгеттер қойылды
15:05, 2 апреля 2020 г.
Надежный источник

Блокпостыларды айналып өтуді шектеу үшін ауылдарда бөгеттер қойылды

Блокпостыларды айналып өтуді шектеу үшін ауылдарда бөгеттер қойылды

Ақтөбелік полицейлер блокпостыларды айналып өтуді тежеу үшін, ауыл аймақтардағы жолдарға құм және басқа да бөгеттер қоюда деп хабарлайды City04.kz

31 наурыздан бастап Ақтөбе облысында Ақтөбе қаласы мен облысқа кіру және шығу жолдары жабылды. Жолдарда блокпостылар орнатылған. Ақтөбе қаласынан шығу және кіру кезінде блокпосттарды айналып өтуге жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері ауыл аймағындағы жолдарын жауып, траншеялар, құмды және басқа да бөгеттер қоюда. 

Ақтөбе облысының Полиция департаменті тұрғындардан жүргізіліп жатқан жұмысқа түсіністікпен қарап, ТЖ режимін бұзбауды сұрайды. Өйткені төтенше жағдай режимі кезінде құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #төтенше жағдай режимі #полиция #блокпосты #волонтеры #карантин

Комментарии

Объявления
live comments feed...