• Главная
  • Ақтөбеде ерлі-зайыптылардан коронавирус анықталды
13:07, 3 апреля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеде ерлі-зайыптылардан коронавирус анықталды

Ақтөбеде ерлі-зайыптылардан коронавирус анықталды

Ақтөбе облысында ерлі-зайыптылардан короновирустық инфекция анықталды. Ер азамат Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан іссапардан келген деп хабарлайды City04.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында 7 адамда коронавирустық инфекция тіркеліп отыр.

Тіркелген бірінші науқас іссапардан Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан келгені анықталды. Науқас 1 сәуір күні дене қызуы көтеріліп, бір емдеу мекемесіне барған. Емдеу мекемесінен жедел-жәрдеммен провизорлық ауруханаға жеткізілген. Одан анализ алынып, нәтижесі- оң болған.

Қосымша тексеру нәтижесі бойынша, ауырған науқастың жолдасында да коронавирустық инфекция анықталған.

Кеше науқаспен байланыста болған 56 адам, оның ішінде отбасы мүшелері, әріптестері, барған емдеу мекемесінің қызметкерлері провизорлық ауруханаға алынған. Қазіргі таңда екі науқастың да жағдайы қалыпты. Екеуі де арнайы палатаға жатқызылған.

-Қазіргі таңда бұл азаматтар тұрған үй құқық қорғау органдарының бақылауында. Олардың пәтері мен подъезді толығымен жабылды. Осы пәтердің тұрғындары үйлерінен шықпайды. Қажетті дәрі-дәрмектер мен азық-түліктерін онлайн ғана алдыртатын болады немесе туыстары арқылы ала алады ,- деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асет Қалиев.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #актобе коронавирус #у двоиз выявили коронавирус #муж с женой заразились коронавирусом #коронавирус в актобе #коронавирус актобе #пандемия #7 случай коронавируса в актобе #карантин #актобе #асет калиев #облздрав актобе

Комментарии

Объявления
live comments feed...