• Главная
  • Ақтөбеде мешіттердің жұмысы тоқтатылмайды
19:01, 7 апреля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеде мешіттердің жұмысы тоқтатылмайды

Ақтөбеде мешіттердің жұмысы тоқтатылмайды

Карантин кезінде Ақтөбе қаласындағы мешіттер жабылмайды. Бірақ барлық діни рәсімдер тоқтатылды деп хабарлайды City04.kz тілшісі.

Елдегі төтенше жағдайға байланысты мешіттерде барлық діни рәсімдер тоқтатылды. Дәлірек айтсақ, неке қию, құран оқыту, жұма намазды және бес уақыт намазды жамағатпен оқу, діни үгіт-насихат жұмыстары да шектелді.

Бұл орайда мешіттерде тек азан ғана айтылатынын айта өткен жөн.

-Карантинге байланысты бүгінгі күндері мешітке келушілер жоқтың қасы. Шамамен күніне 1 -2 адам ғана келеді,- дейді Ақтөбе облысының бас имамы Толеби Оспан.

Бұдан бөлек, Кырғызстан, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Мысыр, Түркия секілді елдерде де пандемияга байланысты барлык діни рәсімдер тоқтатылған болатын.

Сонымен қатар Ораза сәуірдің 24-і күні басталады.

-Ораза тұту жөнінде ешқандай шектеу болмайды. Қазіргі таңда пітір садақанаң мөлшері, айт күні әлі де нақтылануда ,- деді Төлеби Оспан.

 Бас имам халықты дәрігерлердің кеңестеріне құлақ түріп, айтылған шектеулерге немқұрайлы қарамауға шақырды. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #мечети актобе #карантин #коронавирус #толеби оспан #мешіттердің жұмысы тоқтатылмайды

Комментарии

Объявления
live comments feed...