• Главная
  • Ақтөбеде 42500 теңге жәрдемақы алуға 30 мың адамнан өтініш түскен
10:46, 8 апреля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеде 42500 теңге жәрдемақы алуға 30 мың адамнан өтініш түскен

Ақтөбеде 42500 теңге жәрдемақы алуға 30 мың адамнан өтініш түскен

Бүгінгі күні жұмысын жоғалтқан тұлғалар үшін 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем төлеу қарастырылған.

Ақтөбе облысы бойынша 42500 теңге көлемінде жәрдемақы алу үшін 30 мыңның үстінде өтініштер келіп түскен деп хабарлайды City04.kz

Жалпы Ақтөбе облысы бойынша жәрдемақыны алуға 30 мыңның үстінде өтініштер түскен. Қазіргі таңда өтініш білдірген тұрғындардың тек 11 мыңының ғана құжаттары өтіп отыр. Ал 20 мыңға жуық тұрғынның өтініштері дұрыс толтырылмауына байланысты кейін қайтарылып, өтініштері қабылданбаған.  Бүгіннен бастап 11 мың тұрғынның жеке шоттарына 42500 теңге көлемінде қаражат аударылып бастады. 

Егер де өтініш берген азаматтарға 7 жұмыс күнінің ішінде ешқандай жауап келмейтін болса онда өтінішті қайта толтырып, жіберу қажет.

-  Міндетті түрде егер де сіз жәрдемақыны алуға өтініш беріп, оған 7 жұмыс күнінің ішінде ешқандай жауап келмеген болса, онда сіз өтінішті қайта толтырып, қайта жіберуіңіз қажет,- дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова . 

Егер де сіздерге бұған дейін 42500 теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды деген өтініш келген болса онда сіздерге өтінішті қайта толтырудың қажеті жоқ.

 Өтінішті толтыру барсында міндетті түрде қосымшалардың барлығын дұрыс толтыруларыңыз қажет. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #соцвыплата #42500 тенге #булбул елеусинова #30 тысяч актюбинцев подали заявку на выплату 42500 #жәрдемақы алу

Комментарии

Объявления
live comments feed...