• Главная
  • 8500-ден астам ақтөбелікке 42500 теңге көлемінде жәрдемақы төленген
16:34, 9 апреля 2020 г.
Надежный источник

8500-ден астам ақтөбелікке 42500 теңге көлемінде жәрдемақы төленген

8500-ден астам ақтөбелікке 42500 теңге көлемінде жәрдемақы төленген

Ақтөбе облысы бойынша 42500 теңге көлемінде жәрдемақы алуға 15912 адамнан өтініш тіркелген. Бүгінгі күні 8587 тұрғынға банктер арқылы жәрдемақы төленген. Ал 453 адамның өтініші кері қайтарылған деп хабарлайды City04.kz тілшісі.

Бұл туралы тікелей эфирдегі брифинг кезінде еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының орынбасы Нұрлан Мажитов мәлімдеді.

-Қазіргі таңда Ақтөбе облысы бойынша 42500 теңге көлемінде жәрдемақы алуға 15912 адамнан өтініш тіркелген. Бүгінгі күні олардың ішінде 9710 адамға жәрдемақы тағайындалып, оның ішінде 453 адамның өтінішіне бас тартылды. Және 8903 адамның өтініші төлемге енгізіліп, банктер арқылы 8587 адамға төлем төленді,- деді еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының орынбасы Нұрлан Мажитов.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Өтеген Үркімбаевтың айтуынша, жәрдемақы тағайындауға бас тартылған 453 адамның көпшілігі 1 жасқа дейінгі бала бағып отырғандар мен басқа да табыс көздері бар адамдар.

Мамандарға тікелей эфирде тұрғындар хабарласып, бізге 42500 теңге көлемінде жәрдемақы төленсе, төтенше жағдай аяқталған соң бұл қаражатты мемлекетке қайта қайтаруымыз керек пе деген сұрақтар қойды.

-Бүгінгі күні әлеуметтік желіде жалған ақпараттар өріп жүр. Жәрдемақы төтенше жағдай уақытында беріледі. Төтенше жағдай біткен соң жәрдемақы алған азаматтар бұл қаражатты мемлекетке қайтармайды- деп түйіндеді Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова.

Мамандар тұрғындар тарапынан egov.kz, 42500.enbek.kz,Telegram-бот арқылы өтініш беру кезінде көптеген қателіктер кетіп жатқанын айтуда. Олардың ақпараттарды толыққанды ұсынбауларының кесірінен кейбір құжаттар кері қайтарылған. Ал кейбір азаматтар бір жолғы төлемді (есп) төлемей бірден өтініш бергендіктер жәрдемақы беру бас тартылып жатқан көрінеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #пособие 42500 #более 8 тысяч актюбинцев получили пособие #карантин #42500 жәрдемакы #соцвыплата #булбул ораккызы

Комментарии

Объявления
live comments feed...