• Главная
  • Ақтөбеде тек ескі жолдар жөнделеді
22:36, 19 апреля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеде тек ескі жолдар жөнделеді

Ақтөбеде тек ескі жолдар жөнделеді

Ақтөбеде тек қоғамдық көлік жүретін және де көптен бері жөнделмеген жолдар жөнделеді. Келесі аптада жөнделетін көшелердің тізімі жарияланады деп хабарлайды City04.kz тілшісі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қала әкімі Асхат Шахаров мәлімдеді.

-Біз тек қана қоғамдық көлік жүретін және көп уақыттан бері жөнделмеген жолдарды жөндейміз. Бір жылдың ішінде барлық көшелерді жөндей алмаймыз, - деді қала әкімі Асхат Шахаров. 

Брифинг барысында әкім Түрксіб көшесіндегі жолдың жөнделетін айта өтті. 

-Ақтөбе қаласының жол жөндеу картасы жасақталған. Келесі аптада Ақтөбе қаласындағы қай көше жөнделетіні жарияланады,- деп түйіндеді Асхат Шахаров.

Биылғы жылы жол жөндеуге 13,9 млрд теңге қаржы бөлінген. Бұл қаражат көше жолдарынан бөлек аула көшелерін де жөндеуге қарастырылған. 

Сонымен қатар жергілікті бюджеттен балаларға арналған спорт және ойын алаңдарын салуға 300 млн теңге қаржы бөлінген.

Ақтөбеде бұрын жасалған алаңдарды биыл қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады. 

 Қазіргі таңда Ақтөбеде жол жөндеу жұмыстары басталып кетті. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #ремонт дорог #жол жөндеу #асхат шахаров #карантин #170 шакырым жол

Комментарии

Объявления
live comments feed...