• Главная
  • Сегіз мыңға жуық ақтөбелік «Birgemiz» қорынан 50 мың теңгеден алды
17:39, 20 апреля 2020 г.
Надежный источник

Сегіз мыңға жуық ақтөбелік «Birgemiz» қорынан 50 мың теңгеден алды

 Сегіз мыңға жуық ақтөбелік «Birgemiz» қорынан 50 мың теңгеден алды

 Ақтөбеде «Birgemiz» қоғамдық қорынан төленетін 50 мың теңге көлеміндегі қаражат 7894 азаматқа төленді. Екінші траншта 10557 тұрғынға төленуі тиіс деп хабарлайды City04.kz

Бірінші транш кезінде төлемдер Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және де соған теңестірілген арнайы медаль, марапаттармен  наградталған 459 адамға, аз қамтылған 10 мыңнан аса азаматтың ішінен төлемі 27666 теңгеден аспайтын мыңға жуық және де т.б. азаматтарға төленген.

Екінші транш кезінде 10557 адамға төленеді деп жоспарланып отыр.

Бірақ Тұрмағамбетова Мақпалдың айтуынша бұл төлемдер әзір берілмейді.

-Екінші транштағы төлемдер бүгін ертең бола қоймайды. Қаржы қоғамдық қорда болуы керек. Содан кейін ғана осы төлемдер жүргізіледі,- деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мақпал Тұрмағамбетова.

Екінші траншқа бірінші траншқа ілікпеген 2-топ, 3-топ мүгедектері іліге алады. Сонымен қатар жұмыссыз есебінде тіркеліп, отбасы жағдайы төмен азаматтар да кіре алады. Бірақ олар санаулы ғана азаматтар.

50 мың теңге қаражат мына категориядағы азаматтарға төленеді:

  • 1-топ мүгедектері
  • бала жасынан мүгедектер
  • бала жасынан мүгедек баланы бағып отырған ата-аналар
  • көпбалалы аналар
  • тыл еңбеккерлер
  • Ұлы Отан соғысы ардагерлері және де соған теңестірілген арнайы марапаттармен наградталғандар

Бұл төлемдер үшін Birgemiz қоғамдық қорынан Ақтөбе қаласының бюджетіне 394 миллион теңге қаражат бөлінген.

Туындаған сұрақтар бойынша мына нөмірлер арқылы толығырақ ақпаратты ала аласыздар: 44-57-55, 41-65-54. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #42500 #нур отан #выплаты #50000 #Birgemiz #что сделать для получения 50 тысяч

Комментарии

Объявления
live comments feed...