• Главная
  • Ақтөбе облысындағы жол құрылысында кемшіліктер анықталды
13:50, 23 апреля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбе облысындағы жол құрылысында кемшіліктер анықталды

Ақтөбе облысындағы жол құрылысында кемшіліктер анықталды

Аймақтағы «Жол активтерінің ұлттық сапа» орталығы филиалы алғашқы тоқсандағы тексеру қортындысын жариялады. Ақтөбе облысында үш айдың ішінде жол құрылысында 106 кемшілік анықталды деп хабарлайды City04.kz

Жыл басынан бері орталық мамандары республикалық маңызы бар жолдарға 156 рет тексеруге шығып, 94 сынама алған.

-Республикалық деңгейдегі жолдарда 106 кемшілікті анықтадық. Сол бойда мердігерлерге ескерту жасалған еді. Қазір соның 42 кемшілігі орындалмай отыр. Қазір қайта жаңартылып жатқан жолдардың құрылыс материалдарына сараптама жүргізіп жатырмыз. Осы күнге дейін 6 сынама стандартқа сәйкес болмай шықты. Олардың көбісі қиыршық тастың сапасына қатысты жарамсыз болып жатады. Осы олқылықты жоюға тапсырыс беруші мен мердігерлерге де ескерту жасадық,- дейді Ақтөбе облысы бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалының зертхана меңгерушісі Нұрхат Балғабаев.

Мердігер компаниялардың жолды күтіп ұстауына қатысты да ұлттық сапа орталығындағылардың сын-ескертпелері жетерлік. Бұған қатысты 115 рет Ақтөбе өңіріндегі трассаларды тексерген.

Ақтөбе облысындағы жол құрылысында кемшіліктер анықталды, фото-1

-Үш айда 106 кемшілікті анықтап, қазір соның 12-і орындалмады. Мысалы, Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз бағытындағы жолдың 37-50 шақырым аралығы шұрық тесік. Самара-Шымкент тас жолынындағы асфальт жамылғысының ойылып, жарылуы көлік қозғалысына қауіпті. Қарабұтақ ауылынан Қостанайдың Сереный елді-мекеніне барар жолда да осындай жағдай. Ақтөбе мен Орскі арасындағы жол бойында белгілер дұрыс орнатылмаған немесе кейбір жерде жоқ,-дейді орталық инженері Қайрат Мусин.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #жол жасау #Жол активтерінің ұлттық сапа #ремонт дорог

Комментарии

Объявления
live comments feed...