18:41, 23 апреля 2020 г.
Надежный источник
Ақтөбеде 16 адамда коронавирус анықталды
Бір тәуліктің ішінде Ақтөбе облысында 16 адамда коронавирустық инфекция анықталды. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мәлімдеді деп хабарлайды City04.kz тілшісі.
Бүгінгі күні облыста барлығы 43 науқаста коронавирустық инфекция анықталып отыр. Оның 11-і емделіп, үйіне шығарылды. Қазіргі таңда 32 науқас инфекциялық стационарда ем алып жатыр. Науқастардың төртеуі бала. Олардың арасынан бір бала емделіп, үйіне шыққандар қатарында.
Жалпы 43 аурудың 25 жағдайы сырттан келген азаматтар. Қалған 18 жағдай облыс ішінде контакт жолымен ауру жұқтырғандар.
Кешегі тіркелген 16 жағдай туралы:
Ауру жұқтырған 12 азамат ҚР басқа өңірлерінен келген адамдар. Тіркелгендердің тек төртеуі ғана Ақтөбе облысының тұрғыны.
-Біреуі Атырау облысынан келген ақтөбелік әйел адам. Төртеуі Ресей Федерациясынан келген вахта әдісімен жұмыс жасайтын Түркістан облысының тұрғындары. Қалған үш науқас РФ-нан іссапардан келе жатқан ақтөбеліктер. Олар Мәскеуден Орынборға, Орынбордан Жайсан шекарасы арқылы өткен. Сол жерде карантиндік госпитальде жатқан,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
Қалған 9 науқас кеше ғана Ақтөбе облысына Мәскеу, Казань және Уфа қалаларынан келген студенттер. Студенттердің барлығы да Алматы және Нұрсұлтан қалаларының тұрғындары.
Барлық студенттер арнайы боксталған палаталарда жатыр.
Науқастардың ішінде екеуінің жағдайы ауыр және де олар реанимацияда. Екі науқастың жағдайы орташа деп бағалануда. Қалған науқастардың жағдайы қанаттанарлық.
Облыста инфекциялық, провизорлық және карантиндін госпитальдарда 758 тұрғын оқшауланып, ем алып жатыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
13:48
11 ноября
14:00
8 ноября
Объявления
08:21, 31 октября
08:21, 31 октября
7
live comments feed...
Комментарии