• Главная
  • Ақтөбеде балабақшалар қашан ашылады?
11:52, 15 мая 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеде балабақшалар қашан ашылады?

Ақтөбеде балабақшалар қашан ашылады?

Ақтөбе облысында мектепке дейінгі ұйымдар 18-ші мамырда ашылмауы мүмкін деп хабарлайды City04.kz

Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Шермағамбет Мейрамбек онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

Балабақшалардың ашылуы эпидемиологиялық жағдайға тікелей байланысты.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында коронавирустық инфекция 213 адамда тіркеліп отыр. 

Бұған дейін мектепке дейінгі ұйымдар жұмыстарын 18 мамырдан бастау жоспарланған. Бірақ ол мәселе әзірге толық шешімін таппады. Балабақшалар қашан ашылатыны қосымша хабарланатын болады. 

Бұған дейін бірінші, төртінші және он төртінші мамырда кезең кезеңімен тиісті қызмет көрсету орындары ашылған болатын.

Айта өту керек, бірінші кезекте балабақшаларға 15 балаға дейін, ата-анасы жұмыс жасайтын азаматтардың балалары қабылданатын болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#актобежанлыктары #новостиактобе #детсад #балабақшалар #коронавирус #18мамыр #ШермағамбетМейрамбек

Комментарии

Объявления
live comments feed...