18:15, 23 мая 2020 г.
Надежный источник
Ақтөбеде 144 126 адам жерге кезекте тұр
Бұл туралы «Antikor ortalygy» сервистік ғимаратында «Antikor live» жобасы аясында Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Ислам Ізбасқанов мәлімдеді деп хабарлайды City04.kz.
Ислам Ізбасқановтың айтуы бойынша биылғы жер беру кезегі тоқталып тұр. Келесі 2021 жылы 2009 жылы кезекке тұрған адамдардың 12500-не жер беру жоспарлануда. Сонымен қатар, эфир барысында көрермендерден комерциялық негіздегі жерлерге қатысты, қазық мәселесі бойынша және жерді рәсімдеу кезіндегі төленетін қаражаттарға қатысты сұрақтарға жауап берді.
-ҚР Жер кодексінің 48-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттықты, оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 1-тармағына сәйкес әзірленді. Осы ережеге сәйкес жер мәселелеріне қатысты барлық сұрақтар өз жауабын табады. Шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына және заңды тұлғаларына мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жерді жалдау құқығын беру тәртібі мен рәсімдері конкурстық негізде жүзеге асырылады, - деді И.Ізбасқанов.
Жерге кезекке тұрудағы көрсеткіштердің күнделікті сағат сайын ауысып тұрады және жер беру кезегі уақытша тоқталып тұрғанына қарамастан, кезекке тұру жұмыстары жалғасуда.
Жер учаскескелерін бөлуін қалай анықтауға болады?
-Жер учаскесі бөлінетін және бөлінбейтін болуы мүмкін. Өзінің нысаналы мақсатын өзгертпей және өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, Құрылыс және өзге де міндетті нормалар мен ережелерді бұзбай, әрқайсысы бөлгеннен кейін дербес жер учаскесін құрайтын, әйтпесе ол бөлінбейтін болып табылатын бөліктерге бөлінуі мүмкін жер учаскесі бөлінетін жер учаскесі болып табылады. Учаскенің бөлінетіндігі немесе бөлінбеуі жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжатта көрсетіледі,- деп жауап берді Ислам Ізбасқанов.
Эфирды қорытындылай келе Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Ислам Ізбасқанов көрермендерді жер мәселелсіне қатысты кез-келген сұрақ бойынша хабарласып, сауалдарының шешімін табуға көмектесетінін айтты.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:20
4 ноября
09:16
4 ноября
17:00
30 октября
Объявления
08:21, 31 октября
08:21, 31 октября
7
live comments feed...
Комментарии