• Главная
  • Ақтөбеде екі Құран Хатым дұғасы жасалды
19:35, 24 мая 2020 г.

Ақтөбеде екі Құран Хатым дұғасы жасалды

Ақтөбеде екі Құран Хатым дұғасы жасалды

Оның бірі Рамазан айының соңғы онкүндігінде қайтыс болған қазақ елінің журналисті марқұм Бейсен Құранбекке бағышталды, деп хабарлайды City04.kz

Ақтөбе облысы «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде қасиетті Рамазан айымен бірге басталған Құран Кәрімді толық оқу жұма күні, 22 мамырда, өз мәресіне жетті. Алланың қасиетті кітабын бастан-аяқ оқыған ақтөбелік қари Бекжан Әлденов хатым дұғасын жасады. Барлық қызметтер онлайн режимге көшуіне байланысты қари You tube және Instagram желісі арқылы бір ай бойы күнделікті бесін намазынан кейін Құранның бір парасын оқып отырды. Еліміздегі мешіттер жабылып, тарауық намазы оқылмаса да, Құранның берекеті мен шарапаты Ақтөбе жұртына тие берсін деген ниетпен Бекжан қари Рамазан айы бойы жалғыз өзі тарауық намазында тұрып, Құранды хатым етті.

Ақтөбеде екі Құран Хатым дұғасы жасалды, фото-1

Қари Бекжан Әлденов облыстың бас имамы Төлеби Оспанмен бірге Алла Тағаладан әрбір жамағаттың отбасының амандығын, еліміздің тыныштығын, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуін сұрап, барша мұсылман ағайын үшін көңілдегі мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді Алладан сұрап дұға жасады. Сондай-ақ, Рамазан айының соңғы онкүндігінде Раббымыздың құзырына қайтып, жан тәсілім еткен қазақ елінің журналисті марқұм Бейсен Құранбекке хатым дұғасы бағышталды. Сол күні кешкісін ауыз ашқаннан кейін тағы да екінші мәрте хатым жасалды.

Құран Хатым дұғасына мешіттің инстаграм әлеуметтік желісі арқылы оқырмандар да көпшілікпен бірге дұға-тілекке қосылды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новостиактобе #рамазан #толебиоспан #БейсенҚұранбек

Комментарии

Объявления
live comments feed...