• Главная
  • ТШО-мен келісім-шартқа отыру күрделі ме: Ақтөбелік кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісті
Новости компаний
09:00, 21 июля 2021 г.

ТШО-мен келісім-шартқа отыру күрделі ме: Ақтөбелік кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісті

Новости компаний

Біраз жылдар бұрын Ақтөбе қаласында бірнеше тігін машинасынан басталған отбасылық бизнес бүгінде шағын кәсіпорынға айналды. Кәсіпорын жастығына қарамастан, екі жылдан бері еліміздің ең ірі салық төлеушісі - «Теңізшевройл» ЖШС-мен жұмыс істеп келеді. Өндірісте әр түрлі ыдыстар, биг-бег, вагон тығындары шығарылады - соңғы позиция бойынша Қазақстандағы ең ірі тапсырыс берушілердің бірімен келісім-шарт жасалды.  

«Ол кезде кәсіпорынымыздың құрылғанына небәрі үш жыл болатын, біз ТШО-мен келісім-шартқа қол қойдық. Сол кездері бұл мүмкін еместей көрінетін. Біз ТШО үшін вагон төсегіштерін немесе күкіртті тасымалдау және тиеу үшін конверттер шығарамыз. Келісім-шартқа отырмас бұрын кәсіпорын сындарлы тексерістен өтті. Кәсіпорынға үлкен комиссия келіп, қолданыстағы жабдықтар мен еңбек жағдайларымен танысты, штаттағы 50 қызметкермен сұхбаттасты. Компания жас болса да, тапсырыс берушінің жоғары талаптарына дайын болды, - дейді «FIBC KAZAKHSTAN» ЖШС-ның директоры Ботагөз Тайбөкенова. 

ТШО-мен келісім-шартқа отыру күрделі ме: Ақтөбелік кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісті, фото-1

Кәсіпорын басшысы өздерінің көптеген тапсырыс берушілермен жұмыс жасайтындығын, ал ұзақ мерзімді келісім-шарт тек ТШО-мен жасалғанын атап өтті. 

«Біздің алғашқы  тапсырысымыз - вагонға арналған 150 дана төсегіш болатын, арада өткен екі жылда бұл көрсеткіш, яғни жеткізу көлемі 10 есеге артты. Жақында 1300 данасын жібердік. ТШО еңбекті қорғау мен өнім сапасына көп көңіл бөледі, бізде бұл жағынан артықшылық болды – біз өз сипаттамалары бойынша басқалардан ерекшеленетін шикізатты ұсындық. Мата сапасы неғұрлым берік, тығыз және мұндай енді тығындарды бізден басқа ешкім дайындамайды. Сонымен қатар, біз өз моделімізді ТШО талаптарына сәйкес үнемі жетілдіріп отырамыз», - дейді кәсіпорын басшысы. 

ТШО-мен келісім-шартқа отыру күрделі ме: Ақтөбелік кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісті, фото-2

Биыл кәсіпорын кеңеюді және жаңа жабдық сатып алуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, бұрын «FIBC KAZAKHSTAN» ЖШС жұмыс орнын жалға алып келсе, жақында ауданы 3 мың шаршы метрлік меншікті қойма құрылысын аяқтады.   

ТШО-мен келісім-шартқа отыру күрделі ме: Ақтөбелік кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісті, фото-3

«Кәсіпорнымыз шағын болса да, қолдауға зәру. Сондықтан да,шағын бизнеске тек дотация беріп қою аз, осындай келісім-шарттармен қолдау міндетті деп білемін. Сонда ғана кәсіпорында басты қажеттілік - тұрақтылық пен одан әрі даму мүмкіндігі болады», - деп есептейді Ботагөз Тайбөкенова.

ТШО-мен келісім-шартқа отыру күрделі ме: Ақтөбелік кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісті, фото-4

Тағы бір мысал 

Міне, 19 жыл бойы Ақтөбеде «ЮЖПРОМСНАБ» ЖШС жұмыс істеп келеді. Кәсіпорын құрылыс-монтаждау жұмыстарымен, электротехникалық жабдықтарды монтаждау, теміржол тасымалдау, металдан жасалған бұйымдарды, сондай-ақ инертті материалдарды өндірумен айналысады. Ал,соңғы бағыт бойынша кәсіпорын ТШО-мен жұмыс істеуді 2014 жылы бастады. «ЮЖПРОМСНАБ» ЖШС құрылтайшысы инертті материалдарға тапсырыс берушілердің арасында қазақстандық компаниялар көп екенін, алайда олардың тапсырыстарының жиынтық көлемін компания ТШО үшін жіберетін өнімдер көлемімен салыстыруға болмайтынын атап өтті – бұл шамамен 80 пайыз.

ТШО-мен келісім-шартқа отыру күрделі ме: Ақтөбелік кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісті, фото-5

Ынтымақтастық ТШО платформасында әлеуетті қамтушы ретінде тіркелуден басталды. 

«Сауалнамадан өту, барлық позицияларды толтыру, қажетті құжаттарды, тіркеу деректерін, сертификаттар мен лицензияларды, басқа компаниялардың ұсыныс хаттарын қоса беру қажет болды. Біздің жолымыз болды - біз ТШО-мен ынтымақтасуға шешім қабылдаған сәтте Келешек кеңею жобасы басталды. Барлық тексерулерден өттік, ақырында ТШО бізді таңдады. Бірінші жеткізуді 2014 жылдың шілдесінде жүзеге асырдық, оны кідіріссіз және ешқандай шағымсыз орындадық. Бұдан 7 жыл бұрын біз үшін бұл үлкен тапсырыс еді, содан бері жеткізу көлемі бес есе өсті», - дейді  кәсіпорын құрылтайшысы Владимир Гринберг.

ТШО-мен келісім-шартқа отыру күрделі ме: Ақтөбелік кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісті, фото-6

Жобаны бастауға «ЮЖПРОМСНАБ» ЖШС мұқият дайындалды - өнім сапасын тұрақты бақылап отыратын өз зертханасын ашты, теміржол тұйығын қайта жаңғыртты.

«ТШО тауарлар мен қызметтердің сапасына өте жоғары талаптар қояды. Бұл, әрине, барлық тапсырыс берушілердің талабы, әйтсе де, ТШО-да «Сен, бірақ тексеріп ал» деген өзгермейтін қағида бар. Қамтушыларды іріктеу кезеңінде де бәрі мұқият тексеріледі. Жұмыс тәжірибесін көрсететін құжаттардың толық тізімін ұсынып қана қоймайсың, қосымша сұхбат өткізеді, басшылықпен кездесіп, жетекші қызметкерлердің түйіндемесін қоса беруді сұрайды, кәсіпорынды басқару деңгейін бағалайды, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды ұйымдастыруды, ішкі құжаттарды мұқият тексереді. Мысалы, біз қиыршық тас өндіреміз, мұнда барлығы тексерілді – өндірістік жабдықтан бастап, оның экологиялық тазалығы мен сенімділігінен, әлеуметтік пункттерге дейін - бұл осы өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылардың өмір сүру және еңбек жағдайлары. Мысалы, біздің  кәсіпорын инертті материалдар өндіру аймағы орналасқан Бадамша кентінде 150 адамға арналған жатақхана салды», - деп атап өтті құрылтайшы.

ТШО-мен келісім-шартқа отыру күрделі ме: Ақтөбелік кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісті, фото-7

Көптеген қазақстандық компаниялар үшін ең қиыны – қауіпсіздік техникасы ережелерін мүлтіксіз орындау және оларды сақтау. 

«ТШО-да қамтушылар орындауға міндетті түрлі ұйғарымдар көп. Бір жағынан, олар еңбекті қорғау саласындағы қазақстандық заңнаманың талаптарынан айтарлықтай ерекшеленбейді, бірақ ТШО оларды өте мұқият бақылайды. Жасыратыны жоқ, көптеген отандық компаниялар еңбек қауіпсіздігі пунктінде үнемдеуге тырысады. Бірақ біз ТШО-мен ұзақ жылғы ынтымақтастық нәтижесінде бұның қосымша шығын еместігіне көз жеткіздік. Бұл бір қарағанда ғана қосымша шығын болып көрінеді. Ал, шын мәнінде, біздің жұмысымыздың үздіксіз жүруі қауіпсіздікке байланысты. Сондықтан да болар, біздің кәсіпорынның іріктеуден өтуі», - деді Владимир Гринберг.

ТШО қамтушының қызметін бағалау, сондай-ақ бақылау мақсатында тәуелсіз сараптамалық компанияларды, кейде тіпті шетелдік компанияларды да жалдайды. Өйткені, ТШО шынайы тәуелсіз баға алғысы келеді. 

«Бұл дұрыс шешім. Біз келісім-шартты алған кезде, кәсіпорынымыз қызметтің көптеген аспектілеріне, ең алдымен қауіпсіздік техникасына назар аударуға мәжбүр болды. Біздің қызметкерлер үнемі оқудан өтеді, ТШО ұйғарымдары бойынша оқыту рәсімі кеңейтілді. ТШО тек бақылап қана қоймайды, бізге нұсқаулықтар жібереді, біз оны оқып, жүзеге асыруға міндеттіміз. Бұл біздің қалпымызды әрдайым «сергек» күйде ұстайды, біз кәсіби тұрғыда өсудеміз», − дейді құрылтайшы. 

Компанияның құрылтайшысы атап өткендей, ТШО-мен жұмыс істеу тек құрметке ие болу емес, сондай-ақ қызықты. 

«ТШО сенімді серіктес - төлемді кешіктірмей уақытылы аударып тұрады. Оларда барлығы нақты және түсінікті ұйымдастырылған, қызықты платформалар құрылған, қамтушылармен жұмыс алгоритмдері пысықталған. Менің ойымша, бұл кез-келген қазақстандық компания үшін ең жақсы серіктес», - деп түйіндеді Владимир Гринберг.

ТШО-ның жергілікті нарықтағы шығыстары және олардың облыстар бойынша әсері 

Жақында IHS Markit - халықаралық талдау агенттігі зерттеу жүргізіп, мұнай-газ саласынан қандай аймақтар пайда көретінін анықтады. ТШО қызметі негізінен Атырау облысында шоғырланғанына қарамастан, компанияның жергілікті нарықтағы орташа жылдық шығындары Қазақстанның қалған облыстары бойынша бөлінген. Мәселен, Ақтөбе облысы 41 млн АҚШ долларына тапсырыс алады және біздің облыста 3 000-нан астам жұмыс орнын ашады.

Жергілікті нарықтағы ТШО-ның орташа жылдық шығындарынан экономикаға түсетін түсімдердің облыстар бойынша көрсеткіштері (млн АҚШ доллары және жұмыс орындарының саны)

ТШО-мен келісім-шартқа отыру күрделі ме: Ақтөбелік кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісті, фото-8

«Жоғарыдағы суретте жергілікті нарықтағы ТШО шығындарының сату белсенділігімен, ЖІӨ-ге қосқан үлесімен және жұмыс орындарымен өлшенетін әртүрлі облыстарға/өңірлерге әсері көрсетілген. Ынталандырылған сатудың жалпы көлемі - бұл ТШО-ның жергілікті нарықтағы тікелей шығындарының және кез келген кейінгі жанама және индукцияланған іс-шараларының сомасы. Белгілі бір аймақ үшін ынталандырылған белсенділіктің жалпы көлемі жергілікті нарықтағы ТШО шығындарының шамамен екі еселенген мөлшерін құрайды. Кеңейтілген жеткізілім тізбегі бірнеше аймақтың шекарасын кесіп өтуі мүмкін болғандықтан, ТШО-ны бір аймақта тікелей сатып алу басқа аймақтағы жеткізілім тізбегі бойынша белсенділікті арттыруы мүмкін. Мысалы, Атырауда құрылыс қызметтерін сатып алу нәтижесінде Маңғыстаудың өндірістік секторында сауда белсенділігін тудыруы мүмкін», деп айтылған IHS Markit зерттеуінде.

Анықтама үшін:

ТШО-мен бизнес жүргізуге мүдделі қамтушылар www.tengizchevroil.com веб-құрал арқылы қызығушылық (SEOI) танытуы тиіс. ТШО-ның SEOI веб-құралының көмегімен қамтушылар ТШО-мен жұмыс істеуге қызығушылық танытып, тәжірибе, мүмкіндіктер және тұрақтылық туралы соңғы ақпаратпен SEOI профилін жаңартып, оны сол жерде сақтай алады. Сондай-ақ, тиісті тауарлар мен қызметтерге компанияның болашақ стратегиялық қажеттіліктері үшін қызметтің түрлі секторларында серіктестік мүмкіндіктерін іздеу үшін жергілікті бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен форумдар, семинарлар өткізіліп тұрады. Компания техникалық ерекшеліктермен және талаптармен бөліседі, әрі ТШО бөлімдерінің түрлі өкілдерімен, техникалық сарапшылармен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Жергілікті бизнесті алдағы тауарлар мен қызметтерге жарияланатын тендерлер туралы ақпараттандыру үшін, келісім-шарт жоспары ТШО-ның сыртқы  www.tengizchevroil.com/KC парақшасында жарияланады. ТШО қазақстандық қамту тобымен байланысу үшін tcokcinfo@tengizchevroil.com  мекенжайына өз өтініштерін жіберуге болады.  

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#тшо #развитие #тенгизшевройл

Комментарии

Объявления
live comments feed...