18+

Ақтөбеде ауа-райына байланысты жолдарда тиісті шаралар жүргізілуде

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми парақшасында хабарланған болатын:

"Қадірменді ақтөбеліктер мен қала қонақтары! Ауа-райының нашарлауына байланысты жолдар тайғақ болуы мүмкін. Біз өз кезегімізде барлық қажетті іс-шараларды жүзеге асырудамыз! Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!"

Шаһар жолдарын тазарту жұмыстары бүгінде тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Синоптиктердің болжамы бойынша, ауа-райы күрт салқындауы мүмкін.  Жауған қар мен көктайғақ жол халықты әбден әбігерге салуы ықтимал. Сондықтан барынша сақ болған абзал.