«Стимул+» клубы осыдан 2 жыл бұрын "Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау оралығы" қоғамдық бірлестігінің жанынан ашылған болатын, деп хабарлайды City04.kz
Клуб құрылған күннен бастап өз құрамына азаматтық ұстанымы белсенді, талантты, қайсарлы жастарды жинап, әлеуметтік, рухани, тәрбиелік маңызға ие жүздеген әлеуметтік іс-шаралар өткізді. Олар, әлеуметтік акциялар, шығармашылық-әдеби кештер, дөңгелек-үстелдер мен конференциялар, спорттық жарыстар, интерактивті тренингитер және тағы басқалары. Аталған шараларға қатысу арқылы, әр топ мүшесі өзінің жеке дамуына, көз-қарасының жақсы жаққа өзгеріп, әлеуметтенуіне зор септігі тиетіні сөзсіз.
Мерекелік шараны ұйымдастырушылар "Әр чемпионның жеңісі – қайсар ананың еңбегі" екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, осы кеш барысында «Добрые встречи» жобасына тұсау кесу рәсімін өткізді.