Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық Қазақстанда, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді. Бір ерекшелігі - ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Дегенмен, өңірімізде жемқорлықтаң алдын алу шараларымен айналысатын құзіретті мекеме бар – ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті. Аталмыш демартамент қызметкерлерінің айтуынша, сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму процесін тежейді.
Жыл басынан бері әлеуметтік желілерде ақтөбеліктер түрлі оқиға мен жаңалықтардың себепкері болып жүр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мүмкін бе? Осы және өзге де сұрақтар бойынша City04.kz редакциясының тілшісі облыс департаментіне жолыққан болатын.
Қазіргі заманда өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді. Бұрын жемқорларды тек жазалайтын болса, жаңа заңға сәйкес жемқорлықтың алдын алу шараларына бет бұрылды. Бұдан бөлек - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы бар, олар азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартса, бұл басқарма – әкімшілік жауапкершілікке тартады.
Мамандардың айтуынша, құқықтық сауаттылық қазіргі күні артып келеді. Өткен жылы 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.