• Главная
  • Ақтөбеліктер сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда
12:46, 6 февраля 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбеліктер сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда

Ақтөбеліктер сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда

Бүгінгі таңда сыбайлас  жемқорлық  Қазақстанда, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді. Бір ерекшелігі - ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Дегенмен, өңірімізде жемқорлықтаң алдын алу шараларымен айналысатын құзіретті мекеме бар – ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті. Аталмыш демартамент қызметкерлерінің айтуынша, сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму процесін тежейді. 

Жыл басынан бері әлеуметтік желілерде ақтөбеліктер түрлі оқиға мен жаңалықтардың себепкері болып жүр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мүмкін бе? Осы және өзге де сұрақтар бойынша City04.kz редакциясының тілшісі облыс департаментіне жолыққан болатын.

Қазіргі заманда өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді. Бұрын жемқорларды тек жазалайтын болса, жаңа заңға сәйкес жемқорлықтың алдын алу шараларына бет бұрылды. Бұдан бөлек - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы бар, олар азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартса, бұл басқарма – әкімшілік жауапкершілікке тартады.

Мамандардың айтуынша, құқықтық сауаттылық қазіргі күні артып келеді. Өткен жылы 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Соның бірі – көлікте жүргізуші белбеу тақпау себебінен орын алған. Ол азамат 12000 теңге (бір апта көлемінде төленсе – 6000 теңге) айыппұл төлеудің орнына, тексерушіге 2000 көлемінде пара ұсынған. Әрине, тексеруші құзіретті органға хабарласып, оған хаттама толтырылып, жүргізушіге 480 мың көлемінде айыппұл салынды. Заңды біле тұра, оны бұзу жолдарын халық өзі таңдайды. Немесе мына жағдай – 41 раз. агроөнеркәсіптік кешен инспекторлары тауардағы базардың сертификатын тексеру барысында, тұрғындардың сауатсыздығын пайдаланып, халықтан пара алып отырған. Бұл жағдай – адамдардың заңды білмеуінен. Мәселен ол сертификатты халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады. Бірақ заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды. Өзгеге алданамын демесеңіз – заңды оқыңыз", - дейді Ербол Толыбаев, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  басқармасының басшысы.

Сондай-ақ, Департаментпен «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы  2018 жылдың ақпан айынан жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қоғам алдындағы жариялығын қамтамасыз етуге бағытталған бұл  жоба азаматтардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беруде ерекше роль атқарады. Осылайша өткен жылы департаментке 138 хабарлама келіп түскен, олардың 47 – Whatsapp, 63 –Instagram, 23 – кол орталық және 5 хабарлама Facebook әлеуметтік желілері арқылы келіп түскен. Жолданған хаттардың басым көпшілігі кеңес алу мақсатында болса, қалған бөлігі мемлекеттік автокөліктерді мақсатсыз пайдалану, денсаулық сақтау мекемелерінің тиісті деңгейде жұмыс жасамауы, жолаушылар тасымалы және т.б.

"Өткен жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне енетін медициналық қызмет үшін ақылы емханаға жіберу фактісі хабарланған болатын. Департамент оны денсаулық сақтау басқармасының назарына ұсынып, азаматтарға қаражаты қайтарылған болатын. Осындай жағдай Шалқар ауданында да орын алды", - деп қосты Ербол Толыбаев.

Осыған орай, өңірде жаңа жоба қолға алынды. "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобасы аясында сыртқы талдау жұмыстары көзделіп отыр. Департаментке бұдан бөлек мектеп оқушыларының ата-аналары жиі хабарласады. Мектеп қабырғасында қаражат жинау мәселесі бойынша да Ақтөбе қаласының білім бөлімімен жаңа бұйрық қаралды.

Жыл басынан бері қоғамдық бақылау картасына 9 хабарлама түсіп, оның алтауы бойынша тиісті тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.

"Барлығымыз білетіндей, бүгінгі баланың, яғни, болашақтағы мемлекеттік қызметкердің отбасындағы тәрбиесі дұрыс болуы керек. Кез-келген бала ата-анасының шарауаны пара беру арқылы шешетінін, немесе пара алу арқылы өздерінің материалдық жағдайын жақсартып отырғанын көріп өссе, бұл жағдайды солай болу қажет деп қабылдайды. Өсе келе ол баладан қандай мемлекеттік қызметкер шығады деп ойлайсыздар? Қалтасының қамын ойлайтын шенеунік бола ма, әлде тәуелсіз еліміздің нығаюына үлес қосар азамат болады деп ойлайсыздар ма? Соңғысы болса – өте керемет. "Тәрбие отбасынан басталады", сондықтан әрбір отбасы осы мәселеге аса мән бергені абзал", - деп қорытындылады Ербол Толыбаев.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...