18+

Денсаулық сақтау вице-министрі Ақтөбе медицинасымен танысты

Фото: облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой жұмыс сапарымен Ақтөбе медициналық орталығының көпсалалы ауруханасына келді, деп хабарлайды City04.kz.

Сапар барысында денсаулық сақтау басқармасы басшысы А.А. Қалиев облыстағы медицина саласында жасалып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Орталықтың бас дәрігері Р.К. Исаев қонақтарды кешенді диагностикалық Check-up тексеру орталығы, оңалту орталығы мен спорттық медицина, медицина мұражайы құрылысының барысымен таныстырды.

Сонымен қатар, инсульт орталығының құрамында 6 төсекке арналған жаңа нейро-реанимация бөлімшесі ұсынылды. Бұл ми-қан айналымы бұзылулары бар ауыр науқастарға терапевтік және диагностикалық шаралармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Вице-министр Цой А.В. медициналық техниканы басқару жүйесіндегі жауапты қызметкерлердің жұмысымен танысты, медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейі айтылды. Вице-министр қызметкерлердің МТБЖ порталына деректерді енгізудің сенімділігі мен уақытылығымен байланысты мәселелердің өзектілігіне назар аударды.