Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы Ақтөбе қалалық ұйымының ұйымдастырумен "Ана – тілім тұғырым" атты қалалық байқау өткізілді, деп хабарлайды City04.kz.
Байқауға мектеп оқушыларымен қатар, мемлекеттік мекемелер қызметкерлер де қатысты. Қатысушылар екі кезең бойынша сайысқа түскен болатын.
Алғашқы кезеңде қатысушылар өздерін таныстырса, келесі кезеңде патриоттық тақырыпта қалам тербетті. Тақырып - Отан, туған жер, жастар жылы, Ақтөбе қаласының – 150 жылдығына арналды.