Cпорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов спортшыларды қабылдады, деп хабарлайды City04.kz.
Шара барысында, жуық арада өткен еркін күрестен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпаз-жүлдегерлерімен және жаттықтырушыларымен кездесіп, спортшыларды жеңістерімен құттықтап, еңбектеріне алғысын білдірді.
Еске сала кетсек, 28 ақпан және 3 наурыз аралығында Ақмола облысы Степногорск қаласында өткен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында еркін күрестен Қазақстан чемпионатында Ақтөбе облысының балуандары жоғарғы нәтиже көрсеткен болатын. Атап айтқанда, спортшыларымыз Ақтөбе қоржынына 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальдарін салды. Жекелегенде, 61 келі салмақта Ербол Ділмағамбетов 2-орынға және осы салмақта Абылай Сағынғали 3-орынға ие болды. Сондай-ақ, 70 келіде Есет Дүйсенов 3-орынды, 74 келіде Бибарыс Нұрыллаұлы 2-орынды, 79 келіде Мұратбек Мажитов 1-орынды, 97 келіде Нұркен Кубейсинов 3-орынды және 125 келіде Юсуп Батырмурзаев 1-орынды иеленді.