Облыс әкімі Оңдасын Оразалин аудандарды аралауды жалғастыруда, деп хабарлайды City04.kz.
Осы шара барысында өңір басшысы Ойыл және Қобда аудандарының бірнеше елді мекендерінде болды. Ол Ойыл ауданының Бестамақ ауылында болып, алпыс орындық мектептің тұрғызылу барысымен танысты. Жобаның жүзеге асырылуы 2017 жылдың қазан айында басталған, бірақ әлі пайдалануға берілген жоқ. Құрылысты аяқтауға 160 млн теңге қажет. Жұмысты тезірек аяқтауды талап еткен облыс әкімі қаржыландыру осы жылы толық көлемде жүзеге асырылатынына сендірді.
Аудан орталығы – Ойыл ауылында өңір басшысы орталық аудандық аурухананың ғимаратында болды. Материалдық-техникалық жарақтануын қарап шыққан Оңдасын Оразалин цифрландыру элементтерінің енгізілуіне, атап айтқанда емделушілерге қызметті электронды түрде ұсыну деңгейіне қызығушылық танытты. Сондай-ақ, облыс әкімі төтенше жағдайлар және №14 өрт сөндіру бөлімінен кейін, ғасырлық тарихы бар музыкалық мектепке де барды.
Сонымен қатар, өңір басшысы аудандағы ветеринарлық қызметті дамыту, мал дәрігерлік стансаға жаңа ғимарат беру бойынша бірқатар тапсырмалар берді, өйткені қазіргі ғимарат апаттық жағдайда.
Халықпен кездесу аудандық мәдениет үйінде өтті. Аудан әкімі Дастан Сағыров 2018 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму мен 2019 жылға арналған жоспарлапр туралы есеп берді.
Ол сондай-ақ, елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту жағын жандандыруды, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің расыменде мұқтаж отбасыларға тағайындалуын қамтамасыз етуді және т.б. тапсырды.
«Сіздің аудандағы орташа еңбекақы 76-80 мың теңге, бұл республика бойынша орташа еңбекақыдан екі есе аз. Азаматтардың табысын көтеру – Елбасы тапсырмасы. Бұл жерде аудан биліктері де күшеюлері керек»,- деп атап өтті облыс әкімі.
Кездесу кезінде аудан тұрғындары облыс әкіміне толғандырған сұрақтарын қойды. Көбінесе, елді мекендерді газдандыру, жол құрылысы, орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етуді сұрады.
Ақсақалдардың бірі жайылымдық жерлердің жоқтығына шағымданды. Оңдасын Оразалин аудан әкіміне аталмыш мәселені егжей-тегжейлі анықтауғажәне оған барлық деректемелер туралы толық хабарлауға тапсырма берді.
Кездесу соңында облыс әкімі сондай-ақ, тары өсіруді жандандырып, тарыны Ойыл ауданының нағыз брендіне айналдыруға тапсырма берді. Кейін Оңдасын Оразалин азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Сапар кезінде облыс әкіміне үйлері өртенге екі отбасы жайында белгілі болды. Облыс басшысы оқиға орнын қарап шығып, жапа шеккендермен әңгімелесті.
Өрттің салдарынан Ержан Еңсегеновтің жанұясы баспанасыз қалды. Ер адамның үйі жартылай зардап шеккен, қазір үй тұруға жарамсыз, бірақ қалпына келтіруге болады. Өзі мүгеек әрі қаражаты жетпейтіндіктен Ержанның үйді қалпына келтіруге қауқары жоқ. Оңдасын Оразалин үйді қарап шығып, аудан әкіміне құрылыс материалдары мен жұмыс күші жағынан көмек беруді тапсырды. Үйді осы жазда толықтай жөндейді деп күтіліп отыр. Осыған дейін әкімдік Еңсегеновке үй жалдап берген.
Ерлі-зайыпты Қаженовтардың алты баласына жан-жақты көмек көрсетілетін болады. Бұл отбасы да үйлерінен өрт кезінде айрылған.
Күннің екінші жартысында өңір басшысы Қобда ауданына барды.
Түстен кейін облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қобда ауданының Егіндібұлақ ауылында орналасқан мектеп жанындағы интернатты аралады. Қазіргі уақытта интернатта 25 тәрбиеленуші бар. Демалыс бөлмесі, оқу залы, жуыну бөлмелері, медициналық кабинеті жұмыс жасайды.
Осы тұста облыс әкімі О.Оразалин аудан басшылығына интернаттағы білім сапасын көтеріп, оқу үрдісін заманауи талаптарға сәйкестендіруді тапсырды. Әсіресе, балалардың оқу үлгеріміне етене көңіл бөлу керек деді.
Аудан тұрғындарымен кездесу барысында облыс әкімі шаруа қожалықтарының басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет облыс басшысына ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы кеңінен ақпарат беріп өтті.
Бұдан кейін өңір басшысы аудан тұрғындарының сауалдарына жауап беріп, жиыннан соң қобдалықтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Сонымен қатар, аудандағы жаңадан салынған мектеп пен көпқұрылымды спорттық кешіннің жұмысымен танысып, оң бағасын берді. Сондай ақ, жиын соңында аудан әкіміне өңірдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді оңтайлы шешуге бағытталған нақты тапсырамаларды жүктеді.