Ақтөбеде "Ұлы Дала жеті қыры" бағдарламалық мақаласы мен ҚХА "Қайырымдылық керуені" жобасын жүзеге асыру мақсатында, "Қоғамдық келісім" КММ мен №17 мектеп-гимназиясымен бірлескен "Шашу" іс-шарасы өтті, деп хабарлайды City04.kz.
Аталмыш шараға Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары, "Қоғамдық келісім" КММ сарапшылары, өңірлік "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының мүшелері, мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты.