18+

Қазақстанда жаңа мобильді оператор пайда болды

izi абоненттерінің нөмірлері +7 706 деп басталады.

Қазақстанда izi сауда маркасымен жаңа мобильді оператор жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Zakon.kzforbes.kz-ке сілтеме жасап.

Оператордың сайтындағы ақпаратқа сай, оператор әзірге бета-тестілеу режимінде жұмыс істеуде. Клиенттер izi-дің SIM-картасын тек жеткізу қызметі арқылы ғана ала алады, курьерлік қызмет әзірге тек Алматы қаласында жұмыс істейді екен.

"izi-де қазірдің өзінде клиенттердің 99% пайдаланатын басты қызметтер бар. Бірақ қызметтер тізімі көбейе түсуде", - делінеді оператордың сайтында.

izi-дің интернет, қоңырау мен SMS пакеттерін бөлек сатып алуға болады, пакеттерінің ерекшелігі – шектеу мерзімі жоқ. izi абоненттерінің нөмірлері +7 706 деп басталады.