Растау әдісі ретінде бір реттік SMS құпия сөздерін пайдалану – электрондық қызметтерді алуды едәуір жеңілдетеді.
Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны жойып, орнына барлық тіркелу қызметтері үшін бір реттік кілтсөз қолдану жоспарлануда.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".
Оның айтуынша, аутентификация әдісі ретінде бір реттік SMS құпия сөздерін немесе бірегей сәйкестендіру нөмірін пайдалану арқылы электрондық қызметтерді алуды айтарлықтай жеңілдету ұсынылды.