18+

Ақтөбелік боксер жеңіске жетті

Ақтөбелік боксер Нұртас Әжбенов Нұр-Сұлтан қаласында өткен кездесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды Сity04.kz.

Жеңіл салмақта кәсіпқой бокста өнер көрсеткен Нұртас Әжбенов Грузиялық Ачико Одикадземен (18-10-1, 7 КО) кездесті.

Жұдырықтасудың нәтижесінде  Ақтөбелік боксер жеңіске жетіп жеңіске қол жеткізді.

Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған еді. Әйткенмен, жойқын соққыларымен Нұртас Әжбенов грузиялық азаматты 1 раундтың 90 секундында нокаутқа жіберді.

- Бұл әлі бастамасы. Жекпе-жектегі жеңісімді ата-анама және туған жерім Қандыағаш қаласына арнаймын,- дейді Нұртас өзінің instagram парақшасында.