Бүгін 17 маусым күні «City04.kz» ақпараттық-жаңалықтар сайтының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында бизнесбастамалары бар кәсіпкерлерге арналған бизнес тренинг өтті.
Бизнестің қарыштап дамып жатқан заманында бизнеске қатысты идеялардың құны да бағаланары анық.
«Кәсібіңіз ғаламтор беттерінде болмаса кәсібіңіз жоқ деп есептей беріңіз» деп Билл Гейтс айтпақшы тренингте ғаламтордағы жарнама туралы сөз қозғалған болатын.
«PODIUM» модель агентігі мен "АСЫЛ-АЙ" той орталығының қолдауымен өткен арнайы шараның сөз тізгіні қонақтарымыз Ержан Нургалиев пен Шаульский Андрей мырзада болды.
Тақырып кәсіпкерлердің өз кәсібін жандандыру мақсатын қамтып, тренинг барысында жаңа идеялар мен бұрыннан өзекте жүрген сауалдарға жауап алынды.