18+

Ер адам өз үйінде өртеніп кетті

Өртті сөндіруге 11 өрт сөндірушілер мен 3 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды City04.kz төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасай.

"Хлебокомбинат" бақшалық ауданындағы 2 қабатты тұрғын үйде 17 шілде күні өртке оранды.

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше оқиға орнына өрт сөндірушілер хабар түскеннен кейін 6 минутта жеткен. Тек жарты сағаттан соң ғана өртті сөндірді.

Өрттің аумағы 120 кв.м құраған. Үйдің екінші этажы мен шатыры күйіп кеткен. Күл арасынан 41 жасар ер адамның денесі табылды.

Өрттің шығу себептерін мамандар нақтылап жатыр.