Бүгін, 19 шілде түскі сағат 1 шамасында Батыс-2 мөлтек ауданында 9 этажды тұрғын үйдің жоғарғы пәтерінің балконында өрт шықты, деп хабарлайды City04.kz.
Абырой болғанда өрт дереу тоқтатылып, адамдар шардап шекпеді.
Оқиға орынына Төтенше жағдайлар департаментінен 27 адам мен 6 техника, кезекші тергеу тобынан 4 адам мен 1 техника жұмылдырылды.
12:51 тұтанған өрт балкон мен пәтер терезесін қосқанда 14кв.м аумақты қамтыған.