Төбелес Ақтөбенің түнгі клубтарының бірінде келіспеушіліктен орын алып, кейін бақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды City04.kz.
Оқиғаны түсіріп алған камерадағы уақыт бойынша бұл 17 шілде күні таңғы 4 тен кете орын алған. Видео әлеуметтік желіге жүктелген. Екі ер адам жүгіріп келіп кейін біреуі жерге құлайды да екіншісі бірнеше рет аяусыз соққыға жығады.
Ер адам еш қарсылық танытпай жатқанына қарамастан екінші оны басынан қабырғасынан тепкілейді. Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Саркуловтың мәлімдеуінше күдікті ұсталып, сотұа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жапа шегуші ауыр жағдайда ауруханада жатыр.