18+

Ақтөбе көшесінде 4 автокөлік түйісіп 3 адам жарақат алды

Бүгін сағат түскі 1 шамасында Ақтөбе қаласының көше қиылыстарының бірінде 4 автокөлік түйісіп жол көлік апаты орын алды, деп хабарлайды City04.kz.

Түскі сағат 1 шамасында орын алған көлік апаты Әбілқайыр хан даңғылы мен  Ғ.Жұбанова қиылысында болды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше апаттан 3 адам жарақат алып ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаның мән жайы, себептері мен салдарлары нақтыланып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.