18+

Ақтөбеде кәмелетке толған жасөспірім ұйымдастырған апаттан бір адам қайтты

Күдікті ұсталып ата-анасының қарауына берілді.

29 шілде күні сағат түнгі 3-те Богословский тас жолынжа жол көлік апаты орын алып, салдарынан адам қайтыс болды, деп хабарлайды City04.kz.

Тәртіп сақшылары жедел іс-шаралар кешені кезінде аталмыш жол көлік апатына қатысты 17 жасар баланы ұстады.

- Кәмелетке толмаған жасөспірім өзінің жездесінің "ВАЗ-2110" автокөлігін сұрап алып, Сазды ауылына қарасты Ақтөбеге бағыт алған тас жолда айдаған. Нәтижесінде жапа шегушіні қағып кетіп қылмыстық іс орнынан қашып кеткен,- деп мәлімдеді полиция.

Полицияның іздеу жұмыстарының нәтижесінде автокөлік Қарақұдық мекенінен табылған.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті кәмелетке толмаған жасөспірім болғандықтан ата-анасының қарауына берілді. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.