«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Ақтөбе қаласы ТЖБ жеке құрамы және олардың балалары Ақтөбе облыстық тарихи – өлкетану мұражайында «Музейдегі түн – 2019» акциясына белсене қатысты, деп хабарлайды City04.kz.
Іс-шара жас ұрпақты және қызметкерлерді музейге тарту, тарихқа, мәдениетке және өнерге тарту мақсатында ұйымдастырылды. Музейдің ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі зор. Бұл біздің ата-бабаларымыздың өткені туралы құнды материалдар сақталатын орын. Әр адам өз тарихын білуі тиіс!