• Главная
  • Қазақстандықтардың Денис Теннен айырылғанына бүгін бір жыл
12:00, 19 июля 2019 г.
Надежный источник

Қазақстандықтардың Денис Теннен айырылғанына бүгін бір жыл

Қазақстандықтардың Денис Теннен айырылғанына бүгін бір жыл

Атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қылмыскерлерді қуамын деп ауыр жарақат алған еді.

Тура бір жыл бұрын қазақстандық спортшы Денис Тен бұл өмірмен қоштасты.Оны Алматы қаласының көшесінде өлтірген болатын. Бұдан бұрын Денис Теннің туылған күні туралы сөз еткен City04.kz ендігіде мақтан тұтар әлемдік жұлдызымыздың айырылған қайғылы күнді еске алады.

Денис Тен - қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 2013 жылғы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында күміс медаль иегері, 2015 жылы әлем чемпионатында қола медаль, 2015 жылғы төрт континенттің чемпионат жеңімпазы,6-шы қысқы Азия ойындарының чемпионы, ISU эгидасы бойынша өткен турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы атағы мен Қазақстанның бес дүркін чемпионы атағына ие болған.

Қазақстандықтардың Денис Теннен айырылғанына бүгін бір жыл, фото-1

2018 жылдың 19 шілдесінде Денис күндіз шағын дәмханада болып, түскі сағат 3 шамасында ол жерден шығып көлігіне қарай ұмтылған. Ол Байсеитова мен Құрманғазы көшесінің қиылысындағы ауданда орналасқан автокөлігінің айнасын ұрламақшы болған екі жігіттің көзі шалды. Денис оларды қуып жібермек болып жеткенінде қылмыскерлер қарсылық танытып, нәтижесінде мәнерлеп сырғанаушы пышақтан ауыр соққы алды.

Қансырап жатқан Денисті көрген жолаушылар дереу жедел жәрдем қызметін шақырып, сағат 15:23 те оны номері 12 ші орталық клиникалық емханаға ес түссіз күйде жеткізілді. Дәрігерлер оны құтқаруға барын салса да сағат 17:30 да Денис Тен көп қан жоғалтқанның кесірінен көз жұмды.

Қазақстандықтардың Денис Теннен айырылғанына бүгін бір жыл, фото-2

21 шілде күні мәнерлеп сырғанаушымен қоштасу рәсімі Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Мыңдаған адам қаһарманмен қоштасуға келіп жатты. Оның ішінде басқа спортшылар, шоу-бизнес жұлдыздары, музыканттар, үкімет мүшелері.

Денистің достары мен жақындары оны ашық әрі жомарт жан ретінде еске алып, оқиғаның болары алдында ол өз шығармашылығын көп көңіл бөле бастағанын айтты. Спорттан бөлек шығармашылықпен, атап айтсақ музыка мен киноға ден қойған Денис Тен өз әнін жазып қалдырған.

Дәл сол ән спортшының жаназасында қосылған еді.

Бұл кездерде полиция Денисті өлтірген қылмыскерлердің құрықтау мақсатында іс қозғап кеткен болатын. 20 шілдеде полиция Алматы қаласында қылмыскерлер туралы барлық ақпаратты жеткізген жағдайда сыйақы берілетіндігін хабарлады. Ауқымды іздеу жұмыстарының нәтижесінде үш күдікті: Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева ұсталды.

7 қарашада Алматы қаласында мемориальды тақтаның ашылу салтанаты болы. Тақта Денис Теннің туып өскен үйіне қойылды.

Қазіргі таңда Денис Теннің шығармашылық жобаларын жүзеге асыруға бағытталған жалпы қоры ашылып жұмыс істеуде. 2019 жылдың басында қазақстандықтар Халық Аренаның Денис Тенге беру жөнінде петицияға қол қойды. Ал 22 маусым күні Байсеитова мен Құрманғазы көшесінің қиылысы бұрышына Денис Тенге арналған мемиориал қойылған болатын. 2019 жылдың 21 ақпанында Денис Тен туралы документальды фильм жарыққа шықса, 20 щілде күні Алматыда мұзды шоу өткізілмек.

Ақнұр ҚУАНЫШ

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ДЕНИС ТЕН #ГОД БЕЗ ДЕНИСА #ГОРОД АЛМАТЫ #ФИГУРИСТ #ИЗВЕСТНЫЙ СПОРТСМЕН УМЕР

Комментарии

Объявления
live comments feed...