• Главная
  • Облыс әкімі қаланың бірқатар нысандарын аралады
11:16, 30 октября 2019 г.
Надежный источник

Облыс әкімі қаланың бірқатар нысандарын аралады

  Облыс әкімі қаланың бірқатар нысандарын аралады

Дүйсенбі, 28 қазан күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин  жұмыс сапарымен Ақтөбе қаласындағы бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды City04.kz.

Аймақ басшысы ең алдымен Қарғалы тұрғын алабындағы орталық жылу бекеті қайта қалыпқа келтіру және «Нұр-Ақтөбе» мөлтек ауданындағы жылу қазандығын кеңейту бойынша жұмыстармен танысты.

  Облыс әкімі қаланың бірқатар нысандарын аралады, фото-1


Жұмыс сапары барысында өңір басшысы құрылысы баяу жүріп жатқан нысанның ахуалын қатаң сынға алып, «Құрылыс Проект» ЖШС-нің басшысына аталған нысандарды жыл аяғына дейін пайдалануға беруді тапсырды.   
Содан кейін облыс әкімі Қарғалы тұрғын алабындағы «Восточная» қосалқы электрмен жабдықтау станциясының құрылысы жұмыстарымен танысып, мердігер компанияға бірқатар нақты тапсырмаларды берді. Осы жерде қала әкімі Мавр Абдуллинге құрылыс жұмыстарын күнделікті қатаң бақылауға алып, суық түскенше тез арада аяқтауын қадағалауды тапсырды.        
Өңір басшысы «Нұр-Ақтөбе» тұрғын алабындағы 900 орындық мектептің құрылысымен танысып, мердігер компания басшыларына мектепті жыл аяғында дейін пайдалануға беруді жүктеді. Компания басшылығы мектепті электрмен қамту, жылыту, су, кәріз жүйесі, монтаждау жұмыстарын аяқтап, ішкі әрлеу жұмыстары мен ауласын абаттандыруды бастап кеткен.    
Облыс әкімі №3 «Нұр-Ақтөбе» тұрғын алабындағы 9 қабатты екі панельді № 35 «А, Б» тұрғын үй құрылысының жұмыстарымен танысты. Немістің алдыңғы қатарлы технологиясымен жабдықталған «Ақтөбе-Сәулет» ЖШС үй комбинатының қуаттылығы жылына 50 мың шаршы метрді құрайды. Өңір басшысы үйдің жылдам әрі сапалы құрастырылатына көңіл бөліп, арендалық үйлерді салуға пайдалануға болатындығын атап өтті.       

  Облыс әкімі қаланың бірқатар нысандарын аралады, фото-2


Жұмыс сапары барысында облыс әкімі №3 Ақтөбе қаласының ұлттық спорт түрлерінен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысымен танысып шықты.
Келесі нысанда Ақтөбеде балық өсірумен айналысатын «Мұрагер 22» ЖШС-нің негізін қалаушысы Гайк Тертерян аймақ басшысына зауыттың жұмысымен кеңінен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. 42 адамды жұмыспен қамтып отырған бұл зауыт жылына 1560 тонна балық өндіреді.    
Облыс әкімі «А-Полиграфия» ЖШС ғимаратын аралап, ұжым басшылығының жұмысын көріп, алдағы жоспарларымен танысты. 
Жұмыс сапарын қорытындылаған облыс әкімі қала әкімі Мавр Абдуллинге қала көлемінде жүргізіліп жатқан барлық әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысы жұмыстарына күнделікті бақылау жүргізіп отрыруды тапсырды. 
Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердің және мердігер компаниялардың басшыларына аталған жұмыстар бойынша уақытылы әрі сапалы орындауды жүктеп, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...