Тоқаев Азия даму банкінің президенті Такехико Накаоны қабылдады

Тоқаев Азия даму банкінің президенті Такехико Накаоны қабылдады, Сагимбаева Баян

Азия даму банкінің президенті Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен таныс екенін жеткізіп, аталған стратегиялық құжаттың негізгі бөлімдеріне, әсіресе, оның әлеуметтік маңызына оң бағасын берді.

Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Такехико Накаоны қабылдап, Қазақстан мен Азия даму банкінің арасындағы әріптестіктің 25 жылдығымен құттықтады, деп хабарлады Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Қазақстан Үкіметі мен Азия даму банкі арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесіңіз үшін ризашылық білдіреміз. Банктің ел экономикасының өркендеуіне атсалысуы өте маңызды. Біз мұны жоғары бағалаймыз, – деді Президент.

Азия даму банкінің президенті Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен таныс екенін жеткізіп, аталған стратегиялық құжаттың негізгі бөлімдеріне, әсіресе, оның әлеуметтік маңызына оң бағасын берді. Оның айтуынша, Жолдаудың мақсаты мен міндеті Азия даму банкінің даму басымдықтарымен үйлеседі.

– Сіз Жолдауыңызда адамдардың тұрмыс сапасын жақсартуға және мұғалімдердің жалақысын арттыруға зор көңіл бөлдіңіз. Бұл – адам капиталы дамуының маңызды бөлігі. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды әрқашан қолдаймыз, – деді Такехико Накао.
НОВОСТИ АКТОБЕ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии