Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі, Сагимбаева Баян

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні сағат 10:00-12:30 дейін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ғимаратында (Тургенев көшесі, 109) облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті Ақтөбе қаласы әкімдігімен бірлесіп «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін» ұйымдастырады, деп хабарлайды City04.kz.

Аталған шараның мақсаты мемлекеттік қызметтерді көрсету  сапасын жақсарту, электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау, тұрғындарға қызмет көрсету тәртібін, сонымен қатар «Электрондық үкімет» веб-порталының көмегімен қызметтерді рәсімдеу тиімділігін түсіндіру.

Шараны өткізу барысында азаматтар мемлекеттік қызметтер ішінде үлкен сұранысқа ие салалар, атап айтқанда жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы, білім, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, тұрғын-үй салаларымен бірге «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарымен көрсетілетін қызметтер бойынша кеңес ала алады.

НОВОСТИ АКТОБЕ НОВОСТИ КАЗАХСТАНА
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии