• Главная
  • Ақтөбе облысының стратегиялық даму жоспары талқыланды
15:10, 19 декабря 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбе облысының стратегиялық даму жоспары талқыланды

Ақтөбе облысының  стратегиялық даму жоспары талқыланды

19 желтоқсан  Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин  экономист, мемлекет басшысының штаттан тыс  кеңесшісі Олжас Құдайбергеновпен кездесті, деп хабарлайды City04.kz.

  Ақтөбе облысының  стратегиялық даму жоспарын талқылауға арналған басқосуға  облыс әкімінің  орынбасарлары,қала әкімі, басқарма басшылары  қатысты.

- Еліміздегі экономикалық  даму процесстеріне қарай отырып, біз облыстағы өзекті  мәселелерге де талдау жүргіздік. Стратегиялық бағыттағы  жоспарларымызды, қауіпсіздік кеңес жөнінде бірқатар жұмыстар бойынша толыққанды пікір алмасамыз деген ойдамын,-деп атап өтті аймақ басшысы.

Белгілі экономист   Ақтөбе облысы еліміздегі  қарқынды дамып келе жатқан аймақ екенін айтып өтті, және өңірдің өсу потенциялын жоғары бағалды. 

- Ақтөбе облысы Батыс Қытай Батыс Еуропа халықаралық транзиттік дәлізінде  орналасқан, Ресей, Өзбекстан елдерімен шектесетін  облыс ретінде аймақтың  бұдан әрі дамуы үшін облыс әкіміне бірнеше ұсыныстарымызбен таныстырдық. Алдағы уақытта әкімдікпен  тығыз қарым-қатынаста  жұмыс жасайтын боламыз,-деді Олжас Құдайбергенов.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ОРАЗАЛИН ОНДАСЫН #АКИМ ОБЛАСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...