• Главная
  • Ақтөбеде алаяқтар зейнеткерлерді алдап соқты
16:59, 14 февраля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеде алаяқтар зейнеткерлерді алдап соқты

Ақтөбеде алаяқтар зейнеткерлерді алдап соқты

Ақтөбе облысында алаяқтар зейнеткерлерді "Президенттік зейнетақы" 2080 теңге беріледі деген сылтаумен алдаған деп хабарлайды City04.kz.

Алаяқтар зейнеткердің үйіне кіріп, жыл соңында тағайындалған "Президенттік зейнетақы" бар және де оның сомасы 2080 теңгені құрайды деп сендірген. Бұл ретте зейнеткерге 10 теңге көлемінде ақша беріп сол 2080 теңгені алуларын сұраған. Осы ретте ақшаның тұрған жерін көріп алып, алаяқтардың бірі зейнеткерді алаңдатып, ал екіншісі ақшаны ұрлаған.

Осындай фактілердің бірі Қобда ауданының аумағында тіркелген.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе қаласының 55 жастағы тұрғыны анықталып, өз кінәсін мойындады. Қазіргі таңда тергеу жүргізілуде. Белгілі азамат тергеу изоляторына қамалды.

Ағымдағы жылдың басынан облыс аумағында 206 алаяқтық фактісі тіркеліп отыр. Ақтөбе облысының полиция департаменті әр факті бойынша жұмыстар жүргізуде.

Сонымен қатар полиция қала мен облыстың барлық тұрғындары мен қонақтарына алаяқтардың арбауына жол бермеу үшін сақ болып, күмәнді ұсыныстарға берілмеуді сұрайды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #мошенничество #пенсионеры #зейнеткерлер #президенттік зейнетақы

Комментарии

Объявления
live comments feed...